Хабар телеарнасы

Қазақстан ядролық қаруға қарсы жаһандық қозғалысқа арқау болды – Қ. Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі пленарлық отырысында осылай деді. Ахуалды реттеу үшін ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт күшіне енді. «Иранмен арадағы ядролық қаруға қатысты мәмілені қалыпқа келтіру жөніндегі келіссөздер қайта қаралып жатыр», - деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 30 жыл бұрын ядролық қарудан бас тартқанын еске салып, ел Үкіметі осы саясатты әрі қарай жалғастыратынын хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 - Ядролық қарудан азат, бейбіт өмір қалыптастыру Қазақстан үкіметінің саясатындағы басымдық тұстардың бірі болып қала береді. Бұл ұмтылыс соңғы отыз жыл ішінде Қазақстанды ядролық қаруға қарсы жаһандық қозғалысына арқау болды. Сонымен қатар біздің ұлттық тұтастығымыздың бір бөлігіне айналды. Біз қарусыздану және ядролық қаруды таратпау жолындағы күш-жігерімізді алдағы уақытта бірлесе жұмсауға дайынбыз.