16:00Әрі қарай: Телесериал «Клад могилы Чингисхана»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Годунова мен Ақтоты Райымқұлованы қабылдады

  • Категория: Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Годунова мен Ақтоты Райымқұлованы қабылдады

Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің шығынын 1 трлн 160 миллиард теңгеге қысқартуды ұсынады.

Бұл ұсынысын Президенттің өзіне айтып, бюджетті жоспарлау кезінде кететін кемшіліктерді тізіп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Биыл мемлекеттің қаржысымен 42 кино түсіріледі. Президенттің қабылдауында болған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Мемлекет басшысына мәдениет, спорт, туризм және архив салаларында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берді.

Елімізде балалар мен жасөспірімдердің 50%-ін қамтыған 22 мыңға жуық шығармашылық үйірме мен 126 мың спорт секциясы жұмыс істейді. Бүгінде Қазақстан атынан бүкіләлемдік мұра тізіміне тарихи және мәдени он ескерткіш енгізілген. Министрлік ЮНЕСКО тізіміне қазақстандық жаңа нысандарды енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрге осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

 

Сондай-ақ...