Хабар телеарнасы

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Президентке есеп берді

Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы айтты. Серік Жұманғарин Мемлекет басшысына Агенттіктің тұрғын үй құрылыс материалдары, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері және жанар-жағармай нарықтарындағы бағаларды тұрақтандыру жөніндегі жұмыстары туралы есеп берді. Агенттік төрағасының айтуынша, құрылыс материалдары бағасының өсуі сәуір айындағы 10,9%-тен, тамыз айында 3,2%-ке дейін, жанар-жағармай сәуір айындағы 8,4%-тен, мамыр айында 0,2%-ке дейін арзандаған. Кездесу соңында Мемлекет басшысы әлеуметтік азық-түлік пен тауарлардың бағасын бақылауда ұстауды тапсырды.