Хабар телеарнасы

Президент Паралимпиада ойындарының жеңімпаздарын марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

Атап айтсақ, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен спортшы, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль салған Давид Дегтярев марапатталса, дзюдошылар – Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет және Әнуар Сариев «Парасат» орденін иеленді. Ал жүзуден қола алған Нұрдәулет Жұмағали «Құрмет» орденімен марапатталды.