10:00Әрі қарай: «Елбасы. Тәуелсіздік жылнамасы» деректі фильмі
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

  • Категория: Саясат
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Премьер-Министр Президент Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін 7 қыркүйекке дейін Жалпыұлттық жоспар әзірленетінін жеткізді.

Бұл жоспар экономиканы тұрақтандырып, бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталады.Соныман қатар Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталды. Соңғы екі аптада ауруханадағы науқас саны 40% азайған. Қазіргі уақытта 6 млн 700 мыңдай адам вакцинаның бірінші компонентін қабылдаса, 5 жарым млн азамат екпені толық алған. Кездесуде  азық-түлік бағасын тұрақтандыру жайы мен егін жинау науқаны да талқыланды.

Жиын соңында Президент Үкімет пен аймақ әкімдерінің бірлесе жұмыс істеуі аса маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ...