Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады

Құттықтау хатында: «Тарихы терең бауырлас халықтардың ортақ мүдделері мен ғасырлар бойғы достығы және тату көршілік дәстүрін сақтай отырып, Тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен-ақ қазақ пен қырғыз иық тіресіп, өзара жетістіктерге шынайы қуанып, бір-біріне үнемі қолдау көрсетіп келеді. Күш-жігерімізді жұмылдырып, көп қырлы ынтымақтастығымыздың тұрақты дамуына тың серпін бере алатынымызға сенімдімін. Бұл қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы үшін жаңа көкжиектерге жол ашады» – деп жазды Мемлекет басшысы.