Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Алматыны абаттандыру жоспарымен танысты

Бұл жоба тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап, жаңа демалыс орындарын  құруға арналған. Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Қасым-Жомарт Тоқаев әр аудандағы тұрғындардың демалысы мен еркін қозғалысын қамтитын қолайлы әрі заманауи алаңқайлар салуға көңіл бөлуді тапсырды.