Хабар телеарнасы

ҚР Президенті Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Президент Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы - Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты. Бейнебайланыс арқылы өткен жиында Мемлекет басшылары, Ауғанстандағы жағдай және оның Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне тигізер әсері туралы пікір алысты. Сондай-ақ Орталық Азия аймағындағы сын-қатерлердің алдын алуға бағытталған іс-қимылдарды талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде барлық сын-қатерді, соның ішінде терроризм мен экстремизмнің таралуы, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз саудасының артуы, заңсыз көші-қон, босқындардың жаппай қозғалысы секілді мәселелерді кешенді түрде қарастыру керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Ауғанстандағы гуманитарлық және азық-түлік дағдарысының алдын алу аса маңызды екеніне де тоқталды. Атап өтейік, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы биыл 16-шы қыркүйекте Душанбе қаласында өтеді.