Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Корея Республикасына барады

Сапар 16-17 тамызға жоспарланған. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту жолдарын қарастырып, жоғары деңгейде келіссөздер өткізбек. Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданып, үкіметаралық құжаттарға қол қойылады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Сеул қаласында Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысады.