Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев Ұлттық Банк Төрағасына инфляцияны тұрақтандыруға қатысты бірқатар тапсырма берді

Ұлттық Банк Төрағасы Президентке биылғы жеті айдағы ақша-несие саясатын іске асыру туралы есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі инфляцияның жылдам өсу себебі және инфляцияны тұрақтандыру мақсатында Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені көтеру шешімі жөнінде де мәлімет айтылды.

Ерболат Досаев карантиндік шектеулер кезінде іскерлік белсенділікті біртіндеп қалпына келтіру, Ұлттық Банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қордағы қаражаттың жағдайы, сондай-ақ зейнетақы активтерінің өсімі туралы да айтты.