Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы бірқатар қабылдау өткізді

Қазір шекара маңындағы сауда қарқыны да біртіндеп қалпына келіп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған облыстың губернаторы Игорь Бабушкинді қабылдады.

Бүгінде Ресейдегі қазақ диаспорасының басым бөлігі Астраханда тұрады. Олардың тілі мен мәдениетін сақтауға, жан-жақты қолдау көрсетіп жатқаны үшін Президент аймақ басшысына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Бөкейхан, Құрманғазы, Дина Нұрпейісова секілді ұлылардың Астрахан жерінде ұлықталып жатқанына алғыс айтты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Эни С.п.А.» компаниясының Атқарушы директоры Клаудио Дескальциді де қабылдады. Кездесу барысында Қашаған және Қарашығанақ ірі мұнай-газ жобаларының жүзеге асырылуы жөніндегі жоспар қарастырылды. Клаудио Дескальцидің айтуынша, мұнай өндіру ісін арттыру жөнінде бірқатар маңызды инвестициялық шешім қабылданған. Консорциум Қашаған кен орнын толыққанды игерудің тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Сондай-ақ газ өңдеу қуатын күшейту жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысы энергетикалық бағыттағы инвестициялық жобаларды одан әрі жүзеге асыруға Қазақстанның баса мән беретінін айтты. Осы ретте Президент отандық өнім үлесінің жоғары болуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.