Хабар телеарнасы

Сайлау қорытындысы үш күннің ішінде белгілі болады

Жаңа сайланған әкімді аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері жеті күн төңірегінде тіркеуден өткізеді. Сәйкесінше әкімнің қызметі тіркеуден өткен соң басталады. Орталықтағы мамандар аумақтағы әріптестеріне құжатты рәсімдеу мен қаржылай қолдау көрсетеді. Себебі әкімнің сайлануына жергілікті комиссия мүшелері тікелей жауапты. Айта кетейік, бұл сайлаудың жөні бөлек. Сайланған әкімнің бәрін бірдей «креслоға» отырғызбайды. Алдымен осыған дейін тағайындалған әкімдерге қызметтік мерзімін аяқтауға мұрша беріледі немесе өздігінен отставкаға кеткенін күту керек.