13:00Эфирде: «Сырлы қала» телехикаясы
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

СҚО-да сайлау ұйымшылдықпен өтіп жатыр

  • Категория: Саясат
СҚО-да сайлау ұйымшылдықпен өтіп жатыр

Өңірде маңызды науқанның әділ әрі ашық өтуін 174 сайлау учаскесінде 522 тәуелсіз байқаушы қадағалап отыр.

Бұл азаматтардың барлығы арнайы оқытылған. Әрі олар еш партияға мүшелік етпейді. Соңғы сағаттардағы ақпаратқа сүйенсек, халықтың жартысы өз таңдауларын жасап үлгерді. Әзір еш заңбұзушылық анықталған жоқ. Өңір бойынша саяси додада 214 үміткер бақ сынауда. Көпшілігі өзін-өзі ұсынғандар екенінін айта кету қажет. Ал кандидаттардың 30% – әйел.

Жанат Мұхамеджанов, өңірлік Партиялық емес байқау орталығының төрағасы:

- Осы сағатқа келіп түскен мәлімет бойынша ешқандай заңбұзушылықтар орын алған жоқ. Бұл сайлауға бізден басқа қоғамдық бірлестіктер партиялардың да бақылаушылары қатысып отыр. Яғни халық белсенді түрде бүгінгі күні сайлауға келіп отыр.

Сондай-ақ...