16:00Әрі қарай: Телесериал «Департамент»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Ертіс өңірінің тұрғындары ауыл деңгейіндегі 44 әкімді сайлайды

  • Категория: Саясат
Ертіс өңірінің тұрғындары ауыл деңгейіндегі 44 әкімді сайлайды

Дауыс беру шаралары 139 елді мекенде өтіп жатыр.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, аймақта 52 мыңнан астам дауыс беруші бар. Науқан барысында 168 азамат әкім болуға ниет білдіріп, кандидатурасын ұсынған. Олардың барлығы жоғары білімді. Басым бөлігі – педагогика, экономика, инженерия саласының қызметкерлері. Әзірге науқан барысында қандай да бір заңбұзушылық тіркелген жоқ. Дауыс берушілердің дене қызуы тексеріліп, әлеуметтік қашықтық пен маска тағуы қатаң бақыланады.

Самал Қалиева, Кенжекөл ауылы жетінші сайлау комиссиясының төрағасы:

- Сайлаушыларға барлық жағдай жасалған. Барлығы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес жасалды. Сонымен қатар сайлаушыларға және мүмкіндіктері шектеулі адамдарға да жағдай жасалған. Оларға арналған арнайы бұрыш, кабина бар.

Сондай-ақ...