Хабар телеарнасы

Республика бойынша сайлауға қатысу үшін 2582 адам өз кандидатурасын ұсынды

Үміткерлердің 878–і алты партияның атынан сайлауға түссе, 1 мың 419 адам өзін-өзі ұсынып отыр.

Тіркелген үміткерлердің саны бойынша тізім басында Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстары тұр. Ең аз кандидат Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облысында тіркелген. Ауыл әкімі лауазымынан үміткерлердің ең жасы 25-те болса, үлкені 62-де. Орташа жасы – 39-40 жас төңірегінде. Ал тізімдегі әйелдердің үлесі – шамамен 30%.