Хабар телеарнасы

Түркістан облысында сайлаушылардың белсенділігі артуда

Түске дейін сайлаушылардың 42% өз таңдауын жасап үлгерді. Жандос Жұмабек, тілші:

- Армысыздар, Алаш елі! Қазір облыстағы барлық сайлау учаскелерінде халық дауыс беріп, өз таңдауларын жасап жатыр. Қазірге дейін облыс бойынша халықтың 42% сайлауға қатысып, өз таңдауын жасаған. Әсіресе Шардара мен Сарыағаш аудандарында белсенділік байқалады. Мұнда түске дейін сайлаушылардың 55% дауыс беріп үлгерген. Біз қазір Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы нөмірі 58-ші сайлау учаскесінде тұрмыз. Ережеге сәйкес мұнда санитарлық қауіпсіздік шаралары барынша сақталған. Дәрігерлер кіре берісте сайлаушылардың дене қызуын тексеріп кірізуде. Өз таңдауын жасап шыққан азаматтарға тегін палау таратылуда. Халық мерекелік көңіл күйді сезінуде. Қарнақ ауылы әкімінің орнына үш үміткер таласуда. Олардың барлығы жергілікті қарапайым тұрғындар. Қазір менің қасымда осы сайлау учаскесінің төрағасы Орынбасар Бабашов мырза тұр.