Хабар телеарнасы

Ауыл және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы қалай өтіп жатыр?

Тұтас ел аумағында тұңғыш рет ауыл мен ауылдық округ әкімдері сайланады. Сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-ден бастап ашылды. Дауыс беру 14 облыстағы 1 мың 845 учаскеде жүреді. Мамандардың дерегіне сүйенетін болсақ, 1 миллион 210 мың ауыл тұрғыны өз кандидатына дауыс бере алады.

Еске сала кетейік, сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-де жабылады. Бүгін 730 ауыл әкімі сайланады.