Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

Салаларда өсім бар. Жыл соңына дейін осы бағытта тағы 126-дан астам жоба іске қосылмақшы. Бұл жобаларға 1 триллион теңге көлемінде инвестиция салынды.

Ал «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 2 мың шақырымнан астам автомобиль жолы пайдалануға берілген. Нәтижесінде, Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша транзиттік жүк тасымалы 59% артты.

Тұрғын үй құрылысы саласында да өсім бар. Биыл 6 жарым млн шаршы метр баспана берілсе, жыл соңына дейін тағы 17 миллион шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Президент ведомство басшысына бұл салаларды одан әрі дамыта түсу маңызды екенін ескертті.