Хабар телеарнасы

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Орталық Азиядағы өңірлік қаржы хабына айналып отыр

Барлық инвестиция экономиканы әртараптандыруға жұмсалып отыр. «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңеске Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, институттың былтырғы жұмысы қорытындыланды. Орталық биылғы жылдың бірінші тоқсанында ғана 1,7 млрд теңге табыс тапқан.

«Арбитражды орталықта 520 іс қаралып, бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлін арттыра түсті», – деді қаржы орталығының сарапшылары.