Хабар телеарнасы

Елбасы Ресейдің Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымымен кездесті

«Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемдік қауымдастық құрметтейтін мемлекетке айналды», - деді Валентина Матвиенко. Елбасы өз кезегінде алдағы уақытта да екі ел арасындағы серіктестікті нығайтудың маңызды екеніне тоқталды.

Валентина Матвиенко, Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы:

- Сізге үлкен алғысымды білдіремін, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы. Сізді келе жатқан 6 шілде – қала күнімен құттықтаймын. Бұл жаңа қалаға, Қазақстанның жас астанасына тікелей қатысыңыз бар. Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы. 30 жыл бір сәттей өте шықты. Қазақстан әлемдік қауымдастық құрметтейтін мемлекетке айналды. Бүгінде аты қалыптасқан, ішкі-сыртқы саясаты қалыптасқан ел.