Хабар телеарнасы

В. Алекперов Қ. Тоқаевқа «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының Қазақстандағы жүргізіп жатқан жұмыстары жайлы баяндады

Мемлекет басшысына мұнай компаниясының Қазақстандағы қазіргі жүргізіп жатқан жұмыстары мен жобалары баяндалды. Вагит Алекперовтің айтуынша, компания Каспий теңізі қайраңындағы «Жеңіс» және «Әл-Фараби» мұнай жобаларындағы, геологиялық барлау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бұдан бөлек ол Президентке былтыр Алматы облысында іске қосылған «ЛУКОЙЛ» зауытының жұмысы туралы айтып берді. Бүгінде зауыт әртүрлі жағармай материалының 800-ге жуық түрін өндіріп, экспорттап жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік компаниясының мұнай-газ секторын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.