Хабар телеарнасы

«ЛУКОЙЛ» компаниясы Каспий теңізін игеруге арналған бірқатар жобаны жүзеге асыруға қатысады

«ЛУКОЙЛ» – елдегі ең ірі инвестициялық компанияның бірі. «Теңіз» бен «Қарашығанақ» кен орындарын игеруге атсалысады. Сондай-ақ «Каспий құбыр консорциумы» инфрақұрылымдық жобасына қатысушы. Компания басшысы Қазақстандағы мұнай барлау ісіне 10 млрд доллар инвестиция салуға әзір екенін жеткізді. Сонымен қатар ол Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысында салынған жағармай зауыты жайында да айтып берд. Зауыт 2023 жылы толық қуатына көшеді.

Вагит Алекперов, «ЛУКОЙЛ» компаниясының президенті:

- Зауыт клиенттердің тапсырысы бойынша жағармайлардың 800 түрін шығарады. Оның ішінде трансформатор майлары да бар. 2023 жылы зауыт толық қуатына көшеді деп сенеміз. Біз мұнай барлау ісіне жаңа инвестициялар салуға әзірміз. Қазір «Жеңісте» барлау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.