Хабар телеарнасы

Қазақстан-БАӘ: алыс-беріс 276 млн долларды құрады

Жалпы былтыр пандемияға қарамастан Біріккен Араб Әмірліктерінен елімізге тартылған инвестиция көлемі 12,3%-ке артып, 182 млн долларға жеткен. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Маминнің Араб Әмірліктері азық-түлік қауіпсіздігінің министрі Марьям әл Мухейримен кездесуінде айтылды. Басқосуға БАӘ-нің ірі бизнес өкілдері де қатысты. Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіп, энергетика және өзге де салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады.

Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстанның жүк ағынын арттыру және көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту бойынша ниеттестік туралы хаттамаға қол қойылды.