Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, экономиканы несиелеу көлемі жыл басынан бері 3,3% артып, 15,1 триллион теңгеге жеткен. Мемлекет басшысы қарыз алушылардың құқығын қорғау мақсатымен 25 мамырда банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеудің міндетті тәртібін енгізуді көздейтін заңға қол қойды. Агенттік төрағасы Президентке шағын несиелерді беру кезінде клиенттердің мәліметтерін қашықтан сәйкестендіру тетігі күшейтілгенін жеткізді. Бұдан былай клиенттерді тексерместен шағын несиелерді беруге тыйым салынады.