Хабар телеарнасы

Елбасы АҚШ-тың бұрынғы Вице-Президенті А. Гормен телефон арқылы сөйлесті

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының бұрынғы Вице-Президенті Альберт Гормен телефон арқылы сөйлесу барысында айтты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Альберт Гор Қазақстан мен АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту және жаһандық климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларында күш-жігер біріктіру мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ COVID-19 пандемиясын еңсеру, дүние жүзінде және Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мәселелері бойынша пікір алысты. Телефон арқылы сөйлесуге Америка тарапы бастамашы болды.