Хабар телеарнасы

Ұлттық банк төрағасы Президентке тұрғын үй саясатын реформалауға байланысты ұсыныстарын жеткізді

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты. Сондай-ақ ол жыл басынан бергі ақша-кредит саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары мен коронавирус пандемиясының үшінші толқыны кезіндегі әлемдік экономиканың даму перспективаларын баяндады. Сәуірдегі жылдық инфляция жайын да сөз етті. Мемлекет басшысы өз кезегінде Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.