Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев М. Әзілхановқа Ассамблеяның қоғамдық институттарын жандандыруға қатысты бірқатар тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ассамблеяның атқарып жатқан жұмыстары, XXIX сессия қорытындылары және этно-саяси саладағы өзекті үрдістер туралы ақпарат берілді. Кездесу барысында Ассамблеяны одан әрі дамыту, талдамалық және мониторингтік, аймақтық және жастар қызметінің бағыттарын күшейту мәселелері қаралды.

Президентке қоғамдағы этносаралық шиеленістің алдын алу, этностардың келешектегі интеграциялануы, Қазақстан халқының азаматтық біртектілігі мен бірлігіне бағытталған, арнайы жобаларының жүзеге асырылуы жайында баяндалды. Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның қоғамдық институттарын жандандыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.