Хабар телеарнасы

Премьер-Министр Асқар Мамин ресейлік әріптесі Михаил Мишустинмен кездесті

Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесу өткізіп, біраз істің басын қайырды. Атап айтқанда, тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика, геология, өнеркәсіптік кооперация, трансшекаралық өзен суын тиімді пайдалану және қорғау мәселелерін сөз етті. Әсіресе пандемияның салқыны тиген экономикалық ахуалды бірлесіп қалпына келтіру тетіктеріне баса мән берілді.

Ал кездесу соңында екі елдің Үкімет басшыларының қатысуымен бірқатар құжатқа қол қойылды. Айта кетейік, Асқар Мамин Қазан қаласына жұмыс сапары барысында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады деп жоспарланған.