Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев ArcelorMittal компаниясының атқарушы төрағасы Лакшми Митталды қабылдады

Бұл жайында Президенттің қабылдауында болған компанияның атқарушы төрағасы Лакшми Миттал мәлімдеді.

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа өндірісті жаңғыртуға және экологиялық көрсеткіштерді едәуір жақсартуға бағытталған жаңа инвестициялық бағдарламаны таныстырды. Президент еңбек өнімділігін арттыру, жоғары сапалы өнеркәсіптік өнімнің түрлерін көбейтіп, оның экспортын ұлғайту, заманауи технологияларды енгізу және жаңа жұмыс орындарын ашу керектігін айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «ArcelorMittal» компаниясы өзі жұмыс істеп жатқан қалалардың әлеуметтік дамуына белсенді атсалысуға шақырды.