Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады

Марат Шибұтов еліміздің аумақтық даму мәселелері жөніндегі көзқарасымен бөлісті. Сонымен қатар ақпараттық-сараптамалық орталықтардың, қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру туралы ұсыныстарын жеткізді. Ал Дәурен Қуат Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының ахуалы мен баспа ісін қолдау, балалар әдебиетін дамыту туралы айтты. Бұдан бөлек кездесуде отандық және шетелдік тарихшылар арасындағы байланысты нығайту мәселесі де көтерілді.