Хабар телеарнасы

ҚР Президентіне 7 мемлекеттің жаңадан сайланған Төтенше және Өкілетті Елшісі сенім грамотасын табыстады

Президентке 7 мемлекеттің жаңадан сайланған Төтенше және Өкілетті Елшісі сенім грамотасын табыстады. Олардың арасында Уганда, Замбия, Мальдивтер, Корей Халық Демократиялық Республикасы, Люксембург, Исландия және Черногорияның елшілері бар. Қазақстан Президенті елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған жұмыстарына табыс тіледі. Салтанатты рәсім соңында Қазақстан Президенті аталған жеті елдің көшбасшыларына өзінің сәлемін жолдап, тілектестігін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстан халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қолдайды. Біз халықаралық аренада «үлкен ойын» ойнауды емес, қайта сіздердің елдеріңізбен бірлесе отырып «үлкен нәтижеге» қол жеткізуді ойлаймыз. Болашақта әртүрлі салалар бойынша ықпалдастықты арттырамыз деп сенемін. Қазақстан сіздердің мемлекеттеріңізбен екіжақты форматта да, халықаралық ұйымдар шеңберінде де тығыз қарым-қатынас орнатуға бейілді екенін жеткізерсіздер.