Хабар телеарнасы

Президент Үкіметке отандық вакцина өндірісін арттыруды және оның халыққа қолжетімді болуын қадағалауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа вакциналау барысы мен елдегі жалпы эпидемиологиялық ахуал баяндалды. Асқар Маминнің айтуынша, енді ай сайын 2 миллион адамға вакцина салынады.

26 сәуірден бастап «ASHYQ» қосымшасы барлық облыстарда кеңінен қолданыла бастайды. Бұл қызмет көрсету салаларының қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік бермек. Қазіргі таңда елдегі жұқпалы аурулар ауруханасының 42% жансақтау бөлімдерінің 28% толық. Бірақ медицина мекемелерінде 25 мың төсек-орын қоры бар. Президент Үкіметке отандық вакцина өндірісін арттыруды және оның халыққа қолжетімді болуын қадағалауды тапсырды.