Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев Қорғаныс министріне еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді

Бұл туралы Президентке сала министрі Нұрлан Ермекбаев баяндады. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі екінші жартыжылдықта «Отпантау» стратегиялық оқу-жаттығуын өткізбекші. Мұндай шараларды өткізу кезінде әскери медицинаның ПТР-зертханалармен қамтылуы маңызды. Сондықтан министрлік Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында екі зертхананы іске қосты. Ақтау мен Семейде де мобильді кешен жұмыс істеп тұр.

Кездесуде Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге дайындық барысы, келер жылы Қазақстан әскерінің 30 жылдығын атап өту мәселесі де қаралды. Тиісті тапсырмалар берілді.