Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Б. Имашевті қабылдады

Саяси шара жылдың екінші жартысына жоспарланып отыр. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевті қабылдаған Президент сайлауға дайындық жайын сұрады. Пандемия кезінде өтетін шараның қауіпсіздік мәселесі назардан тыс қалмады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Имашевқа бірқатар нақты тапсырма берді.