Хабар телеарнасы

Сенат депутаттары ТМД ПА кеңесінің отырысына қатысты

Отырыста сөз сөйлеген Мәулен Әшімбаев коронавирус індетінің көші-қон процестеріне тигізген әсеріне тоқталып, Қазақстанда бұл саладағы проблемаларды шешу үшін қабылдаған шаралар туралы айтты.

Індеттің таралуына тосқауыл қою үшін қазақстандықтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мемлекеттік шекарадан өтуіне шектеу қойылған болатын. Осы орайда 1 миллион 139 мың шетелдікті елде болу мерзімін бұзғаны және уақытында Қазақстаннан шықпағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату жөнінде шаралар қабылданды. ТМД аумағындағы серіктестеріміз және Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйыммен бірлесіп әрекет етудің нәтижесінде еліміз арқылы 35 мыңға жуық шетел азаматы транзитпен өткізілді.

Сондай-ақ шара аясында Сенат Төрағасы Қырғызстан мен Молдова Парламенттерінің өкілдерімен екіжақты кездесу өткізді.