10:00Әрі қарай: Кино «Глаза дракона»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов: науқастарға қажетті дәрілер неліктен уақытылы жеткізілмей жатыр?

  • Категория: Саясат
Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов: науқастарға қажетті дәрілер неліктен уақытылы жеткізілмей жатыр?

Жыл басталғалы төрт ай өтті.

Десе де арнайы тізімде тұрған науқастарға берілуі тиіс 70 дәрі әлі күнге дейін сатып алынбаған. Бүгін Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов Денсаулық сақтау министріне осы мәселеге қатысты депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, бұл емдік заттар онкология, ішінара туберкулез және қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған. Өкініштісі, азаматтар оны дәріханалардан ақшасын төлеп те таба алмайды екен. Ал кей дәрі түрлері бойынша бірқатар аймақта артық қор жиналып қалған. Енді оларды облыстар арасында бөлу ісін жүйелеу қажет.

Ғалымжан Елеуов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында қазақстандықтардың денсаулығы басым бағытқа ие екендігі айтылған. Науқастардан олардың өміріне аса қажет дәрілердің уақытылы жеткізілмей жатқандығы туралы арыздар түсуде. 70 дәрі әлі күнге дейін алынбаған. Ал сатып алынған дәрілердің кейбірін үлестіру осы жылдың қазан айында ғана басталады.

Сондай-ақ...