Хабар телеарнасы

Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевқа бірқатар тапсырма берді

Жауапты лауазымға осыдан он күн бұрын келген елшіге Байденнің әкімшілігімен тиімді ынтымақтастықты дамыту жөнінде тапсырма берілді. Өйткені АҚШ – Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы. Сондықтан Президент: «Энергетика, ауыл шаруашылығы және жаңа технология салаларындағы ынтымақтастықты ары қарай да жүргізе беру керек», – деді.