Хабар телеарнасы

Н. Назарбаев: «Самұрық-Қазына» қорының активтерін халық игілігі үшін ұлғайту қажет

2020 жылдың соңында қор активтерінің құны 14 трлн теңгеге жуықтаған. Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болып, алдағы жылдары басымдық берілетін негізгі мәселелер туралы баяндады.

Елбасы аталған қор Қазақстанның ұлттық байлығы екенін айтты. Сондықтан оның активтерін бүкіл халықтың игілігі үшін ұлғайту қажет деп тапсырма берді.