Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы «Спутник-V» вакцинасын салдырды

Президенттің екпе алғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама белгілері жоқ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеудің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді.

Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы. Бұған дейін Президент Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға шетелден вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді және отандық вакцина өндіруді жолға қоюды, сондай-ақ екпе салу үдерісін ұйымдастыруды тапсырған еді.