Хабар телеарнасы

Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

«Тәуелсіздік алған сәттен бастап екі елді достық әрі тығыз карым-қатынастар біріктіреді. Германия болашақта Қазақстанның сенімді серіктесі болып қала береді», – деді Германия Президенті.

Рим Папасы Франциск Қазақстанға елдің бейбітшілік пен ынтымақтастықта болуын және Құдайдың ризашылығына бөлене беруін тіледі.

Қырғыз Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Талант Мамытов та құттықтау хатын жолдады. Онда «Қазақстан тәуелсіздік жылдары мемлекетті қалыптастырып, саяси және әлеуметтік-экономикалық даму ісінде үлкен табысқа қол жеткізді, елдің халықаралық аренадағы беделі нығайып келеді» делінген.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Австрияның Федералдық Президенті, Нидерланд Королі, Канаданың Генерал-губернаторы, Малайзия Премьер-Министрі, Тайланд Корольдігінің Премьер-Министрі, Аустралия Генерал-губернаторы, Никарагуа Президенті және Премьер-Министрі құттықтау хатын жолдады.