Хабар телеарнасы

Мәжіліс төрағасы мемлекеттік марапаттарды табыс етті

Мәжіліс спикері өз сөзінде Елбасы негізін қалап, Президент жалғастырған стратегиялық бағыт еліміздің сын-қатерлерге төтеп бере алатын тұрақты мемлекет ретінде қалыптасуына негіз болғанын айтты.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметі, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына, халықтар ынтымақтастығы мен достығын нығайтуға қосқан үлесі үшін Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, Жексенбай Дүйсебаев пен Дания Еспаева «Парасат» орденімен, депутат Жамбыл Ахметбеков «Құрмет» орденімен марапатталды.

Ал «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі Мәжіліс депутаты Александр Сусловқа табысталды. Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы ТМД Парламентаралық ассамблеясының марапаттарын депутаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдеріне табыс етті.