Хабар телеарнасы

Дональд Трамп Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Жеделхатта Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және барша қазақстандықты ел тәуелсіздігінің 29 жылдығымен құттықтай отырып, Қазақстанның Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және өркендеу жолында 30 жылға жуық уақыт көш бастап келе жатқанын Президентпен бірге атап өтуге қуанышты екенін жеткізген.

«Биылғы жыл бұрын-соңды болмаған жаһандық сынақтарды алдымызға тосты. Бірақ біздің серіктестігіміз бұл сынаққа төтеп берді. Кеңейтілген стратегиялық әріптестігіміздің шеңберінде біз COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастығымыздың барлық бағытында оң нәтижеге қол жеткіздік. Америка халқының атынан Қазақстан халқына алдағы жылы денсаулық пен бақ-береке тілеймін», – делінген АҚШ Президентінің жеделхатында.