Хабар телеарнасы

Партиялық тізімдерді тіркеу нәтижесі жарияланды

Оның нәтижесі бойынша елімізде түрлі деңгейдегі 216 мәслихатқа бес партиядан 832 тізім ұсынылды. Аймақтық комиссиялар хабарлағандай сегіз партиялық тізім тіркеуден өтпеді. Бұған сайлау жарнасын ұсынбауы және партияның шешімімен тізімді алып тастауы себеп болған. Сондай-ақ 68 үміткер тіркеуден өткен жоқ. Жалпы облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарға барлығы 8 334 үміткер тіркелді. Оның ішінде 44,6% әйелдер мен 29-ға жасқа дейінгі азаматтар құрады. Барлығы да Конституция мен сайлау туралы заң талаптарына сай ұсынылған.