Хабар телеарнасы

Президент Атырау облысы әкіміне экологиялық мәселелерді шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді

Президентке жаңа жұмыс орындарын ашу, өнеркәсіптің дамуы және инвестиция тарту мәселелері баяндалды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Махамбет Досмұхамбетовке халықтың әл-ауқатын арттыру, экологиялық мәселелерді шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.