Хабар телеарнасы

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің саяси реформалар жөніндегі тобы бірнеше ұсыныс айтты

Отырысты Ақорданың Facebook парақшасынан тікелей көруге болады. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы осы жылы 27 мамырда өткен болатын.

Президенттің көмекшісі Ерлан Қариннің айтуынша, үшінші отырыстан кейін кеңес аясында бірнеше бағытта ауқымды жұмыс жүргізілген. Әсіресе саяси реформалар пакеті толық іске асып, мамыр-маусым айларында 7 Заң қабылданған.

Бүгін саяси реформалар жөніндегі топ тағы бірнеше ұсынысты айтты. Ұлттық кеңес мүшесі Максим Споткай жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін бес жылға арналған тұжырымдама қажет деп отыр. Және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің саяси реформалар жөніндегі тобы ауыл әкімдерін жалпыға тең және төте сайлау форматында өткізуді ұсынады. Олардың ойынша, дауыс беру жасырын түрде өтуі тиіс.