Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлармен күресті күшейтуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдап, берілген тапсырмасының сапалы орындалуын талап етті. Сондай-ақ Президент мемлекеттік қызметшілер, депутаттар мен судьялардың шетелдік шоттарының болмауын қатаң қадағалауды тағы тапсырды. Ал Агенттік төрағасының айтуынша Дүниежүзілік банктің жемқорлықты бақылау индексіндегі Қазақстанның көрсеткіші айтарлықтай жақсарған. Индексте Қазақстанның проценттік дәрежесі 36-дан 43,8%-ге дейін өскен. Кездесу соңында Президент бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын мықтап бақылауды тапсырды. Президенттің пікірінше бұл пандемия кезінде өте өзекті.