Хабар телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық және қызметіне табыс тіледі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ресей басшысының екі ел арасындағы серіктестікті нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин аймақтағы ахуал жөнінде пікір алмасып, жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ой бөлісті. Әңгіме соңында тараптар Қазақстан-Ресей әріптестігінің қазіргі деңгейін жоғары бағалап, өзара ынтымақтастық әлеуетінің зор екеніне тоқталды.