Хабар телеарнасы

Қ.Тоқаев пен В.Путин телефон арқылы сөйлесті

Президенттер оқиға жөнінде пікір алысып, бауырлас елдердегі қоғамдық-саяси жағдайдың тезірек тұрақтанатынына үміттенетінін айтты. Тараптар Таулы Қарабақ төңірегіндегі әскери қақтығыстарға қатысты ахуалды да талқылады. Әңгімелесу кезінде Қазақстан мен Ресейдің коронавирус пандемиясымен күрестегі іс-қимылын үйлестірудің маңыздылығы сөз болды. Әңгіме барысында Тоқаев ресейлік әріптесін туған күнімен құттықтады. Ресейдің Владимир Путиннің басшылығымен әлеуметтік-экономикалық даму бойынша айтарлықтай табысқа жеткенін, беделді мемлекет мәртебесіне ие болғанын, сондай-ақ әлемдік және өңірлік мәселелерді Ресейсіз шешу мүмкін еместігін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және өзара түсіністікті күшейтуге зор үлес қосқаны үшін ресейлік әріптесіне ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Путинге зор денсаулық және Ресейдің игілігі жолындағы қызметіне жаңа табыс тіледі.