Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады

Сала басшысы Президентке ауылдық жердегі интернеттің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын трансформациялау мен мемлекеттік қызметті онлайн форматқа көшірудің барысы жайлы да есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған мәселелердің өзекті екеніне тоқталды. Сондай-ақ Бағдат Мусинге мемлекеттік қызметті пайдалану кезінде биометрия тетіктерін енгізу, «Зерде» холдингінің рөлі мен жауапкершілігін арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Және радиотолқындарды бөлудің ашық тетіктерін енгізу керек деді.