Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады

Оның ішінде жұмыспен қамту мәселесіне ерекше тоқталды. Дағдарысқа қарсы шаралар мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға 142 млрд теңге бөлінген. 1370 жоба толық іске қосылған кезде тұрғындарды ауызсумен және газбен қамтамасыз ету көрсеткіштері артады. Кездесуде Қордай ауданының ахуалы да сөз болды. Ауданда жағдай тұрақты. Әлеуметтік салада жалпы сомасы 31,7 млрд теңге болатын 336 жоба іске асқан. Қайырымдылық қорлары 311 млн теңге жинап берген. Оған зақым келген нысандар жөнделді. Қазір өңірде коронавирустың екінші толқынына дайындық жүріп жатыр. Індетпен күреске 8,1 млрд теңге бөлініп, дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жасақталған.